Әдебиет

«ЕЛІМ деп өткен ЕР ЖАЛАУ» атты республикалық ақындар мүшәйрасы

«Ақ  жол»    Қазақстанның   Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ  жол-жастар» жастар қанаты   Алаштың 100 жылдығы аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының туғанына 125 жылдығына    «Елім деп өткен Ер Жалау!» атты  Республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды.

Байқаудың мақсаты:  Бүгінгі Тәуелсіздікті арман еткен Алаш идеясын және  Жалау Мыңбайұлының бейнесін  бейнелеу,  елі үшін өмір сүрген кемеңгер тұлғаның ерен істерін жырлау. Рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтап, жастар арасында кеңінен насихаттау.

Байқаудың шарттары: Қатысушы ақын берілген тақырыптар бойынша 2 туындысын ұсынады.

Байқауға ұсынылатын тақырыптық бағыттар:

  1. Жалау Мыңбайұлына арналған жыр;
  2. Тәуелсіз Қазақстан және Алаш идеясы.

         Шығармалар 2017 жылдың 25 мамырына дейін қабылданады.

Байқауға кез келген ақын қатыса алады. Байқау жабық түрде өткізіледі.

Бас жүлде  – 250 000 теңге.
Бірінші орын  – 150 000 теңге.
Екінші орын  –  100 000 теңгеден
Үшінші орын – 60 000 теңгеден.
Арнаулы сыйлықтар  30 000 теңгеден.

Байқаудың талаптары:

  • Өлең бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;
  • Шығармалар компьютерде 14-өлшемді (Microsoft Word – Times New Roman) әріптерімен теріліп, А4 пішімді 1-ші конвертке бүркеншік атымен жазылған 1 данасын және электронды нұсқада жолданылуы керек.  2-ші кіші пішімді конвертке автордың шын аты-жөні, 6х9 фотосуреті, мекенжайы, телефондары, эл.поштасы жазылып, аузы бекітіліп, ол 1-ші конвертке салынып жіберілуі керек.
  • Өлеңнің соңына бүркеншік есім міндетті жазылуы тиіс.

Байқаудың қорытындысын шығару.

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.  Қазылар алқасының құрамына   Республикаға  белгілі  ақындар кіреді. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасының шығарған шешімі үшін жауапты болады.  Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы рәсімдейді. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

Мүшәйра жүлдегерлері мен іріктелген жырлар жинақ болып шығады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

            Мекенжайымыз: Ақтау қаласы, 29а- шағын ауданы “Нұрплаза” б/о, 14- кабинет,  телефондар:  +7 7292-33-73-55, 8 775 478 72 29  эл.пошта: akzholmangystau@mail.ru

Жауапты:  Әлия Исаева Жангелдинқызы 

Ескерту:  Жүлдегерлер Маңғыстау облысы, Ақтау қаласына келіп-кету жол қаржысы мен жатар орны шығынын өздері көтереді.

«Ақ  жол»   партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ  жол-жастар» жастар қанаты  

qazaquni.kz

Пікірлер

6 + 3 =