Жаңалықтар

Балалармен жыныстық қатынасқа түскен Бас діндар ұсталды

© Huffington Post

Католиктер қолын сүйін, табанын жерге тигізбей жүрген Джордж Пеллге ұлдармен төсектес болды деген айып тағылып, сотқа шақырту алды.

Бірақ 76-дағы кардинал өзіне шаң жуытып отырған жоқ. Ватикан қазынашысының ұлдарға қызығушылығы былтыр біраз шу тудырған болатын. Алайда, айғақтар жеткіліксіз боп, діндар құтылып шыққан. Бір жылға жуық жалғасқан тергеу ақыры кардиналға қатысты небір сұмдықтардың бетін ашып, оны сотқа шақыртты. Пеллдің ұлдарды төсекке сүйрегені дәлелденсе, діндар ұзақ уақыт бостандық көрмеуі мүмкін. Айта кетейік, католиктер шіркеуі бұған дейін де талай мәрте сексуалдық жанжалға қалған.

Шейн Пэттон, полиция комиссарының орынбасары:

-Кардиналдың ұлдарға қол салғаны дәлелденсе, лауазымына қарамастан заңға сәйкес жауапқа тартылады. Өйткені, Кардинал Пэллдің өзге азаматтардан артықшылығы жоқ. Істің ақ-қарасын қалай болғанда сот анықтайды. 

ktk.kz

Пікірлер

4 + 9 =