Мәдениет

Желідегілер Төреғалиді әке атануымен құттықтады

Иә, уақыты келгенде кез келген құпия іс жария болады! Шоу-бизнесте отбасыларын жасырып, арада жылдар өткеннен кейін өмірлік серіктерін таныстыру сәнге айналып барады.

Мәселен, жұрт Төреғалидің бойдақ не бойдақ емес екенін нақты білмейді. Десе де, оның Толқын атты жары мен сәбиі бар деп болжайды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оның үстіне, желіде Төрештің қалыңдығын ұзатып алып бара жатқан кезінде түсірілген суреттері қаптап жүр. Оған қоса, Төрештің жуырда ғана әкесіне өлең арнаймын деп сөз арасында “ес жиып мен де әке боп қаппын” деп өлеңдеткені тағы бар.

Ал күні кеше Төреғали Мардан есімді досымен түскен суретімен бөлісіп, шаңырағына қуанышты хабар келгенін айтып қалды.

торештін оз паракшасында

Сондай-ақ, Төреғалидің тағы бір парақшасында жары Толқынмен түскен суреті пайда болды. Суреттен жас келіншектің жүкті екенін байқауға болады. Ал автор: “Құттықтай берсеңіздер болады”, – деп жазып қойған.

торештін екінші паракшасынан
Желідегілер болса “Төреғалидің екінші сәбиі дүниеге келіпті” деп шуласып жатыр.

Пікірлер

5 + 3 =