Басты тақырып Саясат

Қостанайда облыс әкімінің намаз оқитынын айтқан басшы қысым көріп жатыр

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхаметовтың жұмысына риза болып, өңірдегі жағдайды айтып берген ауыл әкімі «таяқ жеп жатыр» деп хабарлайды NUR.KZ.

Қостанайда облыс әкімінің намаз оқитынын айтқан басшы қысым көріп жатырСарыкөл ауданына қарасты Тегіл селолық округының әкімі Сағымбай Сүндеталин облыста жаңа мешіт пен көпірдің салынғаны, жол құрылысының қарқынды жүріп жатқаны жаңа әкімнің бастамасы екенін айтқан еді. Сонымен қатар, ауыл әкімі Архимед Мұхамбетовтың жұмада мешітке барғанын да қуанышпен жеткізген. Басшылыққа бұл ақпарат жақпаған секілді. Ауыл әкімі бірден облыс орталығына шақырылған.

«Енді мені жұмыстан шығарайын деп жатыр. Маған түсініктеме жазғызды. Мен жұмыстан айрылып қалайын деп тұрмын», – дейді Тәгіл селолық округының әкімі Сағымбай Сүндеталин.

Өңір басшылығы ауыл әкімін сырттан келген адаммен рұқсатсыз сөйлескені үшін де айыптаған.

«Сен неге облыс әкімі туралы айтасың? Сен ол үшін неге жауап бересің? Сырттан келген кісі туралы бізге неге айтпайсың? Оны айтуға қандай хақың бар?» деп мені айыптап жатыр. Енді қалай болады?»,- дейді Сағымбай Сүндеталин.

1 Comment

Пікірлер

5 + 4 =