Похожее изображение

Негізі, осыдан 2-3 жыл бұрын болған бұл жағдайды әңгіме қылғым келмеген. Бірақ болмады. Өйткені мұндағы тілге тиек болған мәселе әлі маңызды, күнкөріс үшін қытайдың қатыны болып жүрген қазақ қыздарының тағдыры…

Сонымен, оралман әйелдің әңгімесі неден басталып еді…

Екі-үш жыл бұрын көлігіме үлкен ала сөмке көтерген бір әйел мінді. Жөн сұраса келе Қытайдан көшіп келген көп оралманның бірі екенін білдім. Барахолкада саудамен айналысады екен. Әңгіме қызып жүре берді.

«Сауда жаман емес. Бірақ бір нәрсе көңілімді қынжылтады. Ол қытайлармен әмпей-жәмпей болып жүрген қазақ қыздары. Барахолкада жүрген қазақ қыздары тауарды өздері сырттан әкелмейді, кем дегенде 80 пайызы өзгеге жалданып жұмыс істейтіндер. Негізінен қытайларға. Қытайлар тауарды өз елінен арзанға алып келіп, әлгілерге сатқызады. Өздері пәтер жалдап шалқайып жатады. Кешкілік саудадан түскен ақшаны шытырлатып санап алады. Одан соң

өзіне жалданып жұмыс істейтін қыздардың ең көріктілерімен демалады. Ойнайды, күледі. Қазақтың көп қыздарында намыс жоқ. Азғантай пұл үшін тісі ақсиған, бойы бір қарыс қытайлардың қойнына жатады.

Осы менің намысымды келтіреді. Мұны ойдан шығарып айтып отырған жоқпын. Өйткені өзім Қытайдан келген қазақпын, Осында сауда жасап жүрген қытайлармен жақсы араласамын. Тауарды солардан алып сатамын. Қытайдан келгенімді, қытайша білетінімді білетін олар маған тауарды сәл арзанға береді. Тіпті кейде келісіп алып кетіп, сатып болған соң ақшасын беремін. Мұны қойшы, бұл менің тірлігім ғой.

Мәселе осы жергілікті қазақ қыздарына келіп тіреліп тұр ғой. Мен араласатын қытайлардың көбінің өз елдерінде отбасылары бар. Бірақ мында келіп әбден есіріп алған.

Бір-бір қазақтың көрікті қыздарын ойнас қылып, қатын қылып, алып алған. Бірге тұрады.

Мен жақсы араласып тауар алып тұратын, жасы алпысқа тақап қалған бір қытай бар. Не түр жоқ. Не бой жоқ. Тарамыс біреу. Бірақ ақша көп. Бір барахолкада жиырмаға жуық контейнері бар. Тауарын өзгелер сатады. Өзі болса қыз қуып, ойнас жасап гөләйттап жүрген біреу. Сол өзі тұратын пәтерге үріп ауызға салғандай, жап-жас қазақтың қызын қатын қылып кіргізіп алған. Ол қызға талай ұрыстым. Тіпті әлгі қытай күйеуінің көзінше ұрып та жіберген кезім болды. Өйткені намыстан күйіп кетемін. Әлгі қытай мен келгенде әдейі істейме, аяғын жудырады, денесіне массаж жасатады. Еш қымсынбай қыздың ұятты жерлеріне қол жүгіртеді. Қызда намыс жоқ. Сасық ауыз қытайдың әр жерін сипалап, мүләйімсіп жүргені. Бірде шыдай алмай қытайды қытайша боқтадым. Ол сүмелек ыржалаңдап күле береді.

«Әлі талай қазақ қыздарына денемді сипалатамын. Қазақтың қыздары арзан. Азғантай ақшаға бәріне көне береді. Бұл елде заң жұмсақ екен. Тағы бір қазақ қызын қатын қылып алып алам-ау деймін», деп қарап тұр.

Не дерімді білмедім. «Әй қаншық, қазақтан бай таппадың ба, мына сасық ауыз қытайдың қай жеріне қызықтың» деп, әлгі қытайдың аяғын жуып, сипалап отырған қызға тап бердім.

«Енді не істеймін. Өзім де, туғандарым да жұмыссыз. Оқу бітірдім. Бірақ мамандық бойынша жұмыс таппадым. Өзге жұмыстарды көріп едім, арзымайтын ақша төлейді. Бірде базар жағалап жүріп, осы қытайдың тауарын сататын қыздармен таныстым. Содан қалай осы қытайдың қатыны болып шыққанымды білмей қалдым. Қазір жағдайым жақсы. Туғандарыма қаржылай көп көмек беріп тұрамын. Қаншама тауарды тегін алып беріп жүрмін. Туған-туыс маған риза. Қытайға тиіп осылай пайда тигізіп жатқаныма олар қарсы емес. Қайта қуанады», деп әлгі қыз қарап тұр.

«Әй санасыз қаншық, мәселе көнкөрісте емес. Мәселе ертең осы қытайлардың ұрпағын көбейтесіңдер ғой. Осы барахолкада қаншама қазақтың қызы қытайлардың қойнында сен секілді күнкөріс үшін жатыр. Ертең солардың бәрі шүлдірлеген бір-бір бала туасыңдар. Арты не болмақ? Намыс қайда, ар қайда?» деп айқайды салып жатырмын. Қыз былқ еткен жоқ. Бұл бір жағдай.

Сосын мына бір нәрсе бар. Қытайда заң өте қиын. Ол елге барып, кез-келген жерде пәтер жалдап жату деген жоқ. Ондайға тиым салынған. Арнайы пәтерлер бар. Сонда ғана тұруға рұқсат. Оның өзінде сен сол пәтердемін деп тіркелуің қажет.

Қазақстанда бәрі керісінше. Қай жеден пәтер жалдаймын десең де, өз еркің. Тіпті тіркелмей-ақ жүре беруіңе болады. Осыдан кейін ғой, не түрлі оқыс оқиғалар болып жатқаны. Мұны қойшы. Түбі реттер.

Мәселе қытайлардың «қазақ қыздары ең арзан» деп күлетінінде, көрінген шетелдіктің қолтығында кете беретін қазақ қыздарының санасыздығында болып тұр.

Соның ішінде базар жағалап, қытайлардың тауарын сатып, өздері солардың көңілдесі, қатыны болып жүрген қазақ қыздарының жайы көңілімді қынжылтады.

Азғантай ғана ұлтпыз. Қыздарымыз аз-маз пұл үшін әр шетелдіктің қатыны болып, намысты қолдан беріп, солардың ұрпағын көбейтіп жатса, ертең не боламыз? Сол мені қорқытады.

Өйткені Қытайда тудым, сол жерде өстім. Олардың қитұрқы саясатын жақсы білемін. Олар соғыссыз-ақ басып алады. Бүгін арзан пұлға қыздарымыздың басын айналдырған олар ақырын-ақырын осы жерде тұрақтап қалып, түбі көбейеді. Сосын оларға ештеңе істей алмай қаламыз».

Бұл көлігіме отырған оралман саудагер әйелдің зары еді. Мұны сол кезде жай бір әңгіме ретінде қабылдағанмын. Бірақ соңғы кезде қытай «синдромы», қытай қауіпі, қытайлардың қазақтың қыз-келіншектеріне көптеп үйленіп жатқаны қоғамда көбірек талқыға түсіп жатқан соң, қағазға түсіріп, сіздерге жолдап отырмын.

Бақдәулет Мәулентегі

Дереккөз: kaz.365info.kz

6 Comments

Пікірлер

3 + 1 =