Басты тақырып Қоғам

Олжас Сүлейменовтың қызы жартылай жалаңаш суретке түсіп елді шулатты (ФОТО, ВИДЕО)

Оны көпшілік қазақтың Моника Беллуччиі деп атайды. Ол — қазаққа аты әйгілі ақынның қызы. Оның сұлулығы мен мінсіз мүсіні жұрттың барлығын тамсандырып, үнемі ел назарында жүреді.

NUR.KZ порталы белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің көңілді кештердің көркін қыздырып жүрген қызы — Мәдина Сүлейменова туралы сөз қозғамақ.

Мәдина Сүлейменова өзінің дипломат әкесін үнемі қолдап жүреді.

Мысалы, ол оның «Махамбет» деп аталатын фильміне продюсерлік етті.

Сонымен бірге, Мәдина Сүлейменова «Невада-Семей» қорының вице-президенті.

Мәдина түрлі көңілді кештердің де қадірлі қонағы. Ол елде болатын барлық сән кештерінде төбе көрсетеді.

Оның ерекше кеш көйлектері кез келген жерде көптің көзіне түсіп, киіну мәнері де ел аузында жүреді.

Себебі, Мәдина елден ерек киінгенді жөн санайды.

Оның желідегі жазбаларынан Мәдина бағалы әлем сәнгерлерінің киімдерін жиі киетінін байқауға болады. Оның гардеробында Roberto Cavalli, Dolce & Gabbana секілді әлемге әйгілі брендтер де жоқ емес.

Күні кеше ол жалғыз қызы Айнұрды тұрмысқа беріп, тойын дүркіретіп Түркияда жасаған болатын.

1 Comment

Пікірлер

1 + 6 =