“Қазақстанның Демократиялық Таңдауы” қозғалысының құрылуы Ақорданы өте қатты алаңдатып отыр. Режим елдегі оппозицияның қатарын тазалап, кез-келген баламалы басқа ойларды аяусыз құртқаны сонша, бұл мафиоздық және жемқор билікке қарсы, қоғамдағы барлық күштер біріге бастады.

Бұл туралы елімізде бірнеше ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған Мұхтар Әбәлізов фейсбук парақшасында мәлімдеді. Әбіләзовтың жазбасын еш өзгертусіз назарларыңызға ұсынамыз.

«Осыған байланысты, биліктің арнайы қызмет комитеті үйреншікті әдетімен, неше рет шыңдалған әдіс-амалын қолданып, тағы да жалған оппозиция қозғалысын дүниеге әкелмекші. Сондағы басты мақсаты, электоратты жікке бөлу, азаматтарды жалған жолға бағыттап, режимге қарсы күштердің шоғырлануына кедергі жасау.

Соңғы жылдары осындай жұмысты биліктің қол астында жүрген ОСДП партиясы орындап келген. Бұл партия тек билікке қажет болған кезде ғана белсенділік танытады. Сайлау процесі біткен соң немесе билікке тиімді бір мәселеге шешім қабылданысымен, ОСДП партиясы оппозиция қанатынан жоғалып үнсіз болып қалады. Бұл партия билікпен бірлесіп елде оппозиция бар деген ой-пікірді қалыптастыру үшін жұмыс істейді. Ең өкініштісі, бұл партияның кейбір басшылары мен белсенділері бұрында режимді сынға алған болатын, сондықтан биліктің бұл әдіс-амалы нәтижелі болып жатыр.
Бірақ, 2017 жылы ҚДТ (ДВК) қозғалысы құрылғалы бері, бұл партияның шамасы жетпей жатыр. Енді билік Амиржан Қосановты көшбасшы етіп жаңа қозғалысты іске қоспақшы. Акежан Қажегельдиннің уәкілі – елде аса танымал емес Серік Медетбеков пен “ең үздік” газет сатқыш – Гүлжан Ергалиева екеуі оның серіктесі болмақшы.

Бұл, арнайы қызмет комитеті жасаған қозғалысқа, елдің тарихында танымал “Алаш” атын беруі мүмкін.

Енді бұл “құрметті” рөлді “Алаш” жаңа қозғалысы атқаратын болады. Менің мақаламнан кейін аты өзгеріп кетуі мүмкін…
Соңғы жылдары Гүлжан Ерғалиеваның беті толығымен ашылды. Шын ақиқат – Гүлжан Ерғалиева биліктің мүддесін насихаттайтын агент, дәлірек айтсақ – саяси жезөкше».

Пікірлер

4 + 1 =