Баян Есентаева өзінің жеке өмірі жайлы сұрақтарға жауап бере отырып, неліктен әлі күнге дейін кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шықпай жүргенін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сіз жеке өмірім жайлы сұрақтарды қойып үлгергіңіз келіп тұр ма? (күледі). Тойдың кейінге қалуының себебі жеке мәселелер болып тұр, яғни, Тұрсынғали Алагөзов әлі күнге дейін ажыраса алмай жүр. Заңнамаға сәйкес, егер бір тарап қарсы болса, ерлі-зайыпты жарты жыл уақытқа дейін ажыраса алмайды. Сондықтан ажырасуға қатысты соңғы сот отырысы 16 тамызға белгіленді. Олар бұл жолы да ажыраспайтын болса, меніңше, бұл мүлде заңсыз болады. Міне, үйлену тойымыздың кейінге қалуының себебі осында», – деді продюсер.

Сондай-ақ, Баян Есентаева бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен болған соңғы әңгімесі жайлы айтып берді.

«Бұрынғы күйеуіммен болған әңгімені соңғы деп санамаймын, себебі біз бір-бірімізге дұшпан емеспіз. Менің ойымша, сен адекват адам бола тұра, онымен қоса ол адамнан екі балаң бар, балалар онымен телефонмен сөйлесіп тұрады, жағдайын сұрап, барып та тұрады. Меніңше, онымен осылайша қоштаса салу дұрыс емес. Сондықтан да ол біздің соңғы әңгімеміз емес. Біліп отырған шығарсыздар, бұл жеке мәселе (Бақытбекпен не жайында сөйлескеніміз – автор). Сіздерге айтатыным, біз бір-бірімізге балағат сөздер айтқан жоқпыз. Осыған дейін 22 жыл қалай өмір сүрдік, солай онымен сабырға салып сөйлестім», – дейді Баян Есентаева.

Сонымен қатар, Баян Есентаева тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсететін қоғамдық ұйымның атауын таңдауға көмек көрсетуді ұсынды. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйым тіркеу процесінен өтіп жатыр. Ұйым кітап сатылымынан түскен қаражатқа қаржыландырылады.

Пікірлер

6 + 5 =