Мәдениет

Шоқынып кеткен бе? Есентаева мойнына крест тақты

Желідегі парақшалардың бірінде Баян Есентаеваның мойнына “крест” таққан суреті пайда болған-ды. Алайда Бағым Мұхитденова мұны жоққа шығарып, парақша иесін “сауатсыз” деп айыптады.

жюдэ

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Мені @qaz_juldyzdar  парақшасының сауатсыздығы қайран қалдырып отыр. Қарабайыр нәрселерді білмеу ұят! Сіздер крест деп отырған нәрсе Күн белгісі! Мұндай белгілер қазақтарда ертеден кездеседі! @qaz_juldyzdar парақшасы, уақыттарыңыз болса, тарихты оқыңыздар немесе гугл желісі арқылы аз да болсын ақпарат алуға тырысыңыздар. Ұят, масқара, сауатсыздық”, – дейді Бағым Мұхитденова.

Желі қолданушылары Бағым ханымның сөзін қоштап, мұндай арзан қол жазбаларға мән бермеуге кеңес берді. “Қазір көптеген адам хамса мен қызыл жіп тағып жүр. Алайда оларды ешкім иудейлер деп атаған емес”, “Неге сонша жағымсыз пікір жазуға әуеспіз! Баян Мақсатқызы өте керемет жан! Ол кісі туралы жаман пікір жазбауларыңызды сұраймын. Қандай әшекей тақса да өзі біледі”, “Бағым ханым, сізбен толықтай келісемін! Босқа жүйкеңізді тоздырмаңыз!”, “Бағым ханым, олар журналистер емес. Оқымаған ақымақтар. Істейін десе қолдарынан келмейді, оқиын десе милары жетпейді” деп жазады олар.

1 Comment

Пікірлер

1 + 8 =