Шымкенттегі Еңбекші аудандық сотында Тоқтар Төлешовке қатысты азаматтық шағымға орай бірнеше сот ісі өтті. Атап айтар болсақ, шағымды Сәуле Сауқымбекова мен Дина Нұралиева түсірген деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәуле Сауқымбекова сыра зауытында бас директордың экономикалық мәселелер бойынша орынбасары міндетін атқарып, ай сайын 2 миллион 282 мың теңге жалақы алып отырған.

Дина Нұралиева 2016 жылға дейін «Дархан Group» ЖШС бас директорының орынбасары болып, ішкі экономикалық сала мәселесінде жетекшілік еткен. Айлығы дәл солай— 2 282 000 теңге.

Сот шағымданушылардың жеке өмірі болғандықтан  істің мән-жай туралы толық ақпарат беруден бас тартты.

Дегенмен, Сәуле Сауқымбекованың ісіне қатысты шешім заңды күшіне енгені белгілі. Жақын уақытта Дина Нұралиеваның шағымы бойынша талап-арыз қанағаттандырылады.

Бұдан бұрын БАҚ өкілдері хабарлағандай, Сәуле Сауқымбаева мен Дина Нұралиева  Тоқтар Төлешовтың (4 әйелі бар) некелі жары болып табылады және одан туған балаларын тәрбиелеуде.

Пікірлер

7 + 7 =