Мінберден сөз алып жүрген имамдар ішінде сәләфиттер бар екен. Олардың атын атап, мешіт маңынан аластатуды сұраған Facebook әлеуметтік желісіндегі „Дәстүрлі дін. Ислам„ тобының әкімшісі Дидар Аяпов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚМДБ бас мүфтиіне ашық хат жолдады. Бұл туралы  kaz.365info.kz хабарлады.

Оның айтуынша, мінберде отырып, сөз алған діндарлардың айтқанынан сәләфиттердің пейілін анық аңғаруға болады.

„Құрметті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы КӘРІМ МӘСІМОВ мырзаға және ҚМДБ-ның бас муфтиі ЕРЖАН МАЛҒАЖЫҰЛЫНА ашық хат!

Дін айналасында қызмет қылып жүрген Абдуғаппар Сманов және Арман Қуанышбаев секілді азаматтардың халыққа айтқан сұхбаттары жат ағымдар пайдасына тиіп, жаппай Қазақ елінің, Ата-бабаларымыздың дәстүрлі дінінің тамырына балта шабуға себепкер болып отыр.

Тарихқа, дәстүрге, Қазақ елінің бүкіл әлемге танылуына ат салысқан зиялы қауымға тіл тигізіп, олардың шариғатта Жайыз болған амалдарын арамға шығарып, мүшріктерге теңеулері бүкіл Қазақ халқының және мен мұсылманмын деген Қазақ елі патриот азаматтарының намысына тиіп, ашу ызасын туғызды.

Абдуғаппар Смановтың кредит туралы «пәтуасы» xалықтың ашу-ызасын туғызып, оны мүфтияттың өзі теріске шығарса да неліктен Смановтың қателігін бетіне басып, оған бір тосқауыл қоймайды?.

Әулиелердің шырақшыларын дінсіз ешакбастар деп, олардың оқыған Құранын жоққа шығарып намыстарына тиіп, наразылық туғызды.

Қазақ еліндегі барлық Шырақшылар сол жерде жатқан әулиелеріміздің, әзіздеріміздің ұрпақтары болып келеді. Бұл діндарлар Ата-бабаларымыздан келе жатқан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы жиі айтатын, «Өлі жебемей Тірі байымас» деген асыл сөздің толық мағынасын түсінбесе керек. Ол әзіздерге тіл тигізгеннен кейін өлі қалай разы болады, Қазақ еліне қайтып бәле келмесін?..

„Ата бабаларымыздың Әруағына сиынып, зайырлы мемлекеттің шариғатына сай өмір сүріп жүрген ақсақалдарымыздың намазы қабыл емес„ деп пәтуа шығарып, ызасына тиді.

Осы күнге дейін ешбір уақытта әруаққа сиынуды саляфия ағымынан басқа ешкім жоққа шығарған емес. Саляфиттердің пейілін Мінбарда отырған діндарлардан еститін болдық. Өзіміздің және көрші мемлекеттердегі діннің айналасындағы қарама-қайшылықтар Саляфия ағымының кесірінен екеніне куә болып отырсыздар. Діннен бейхабар іні-қарындастарымыз ізгілікті мешіттен іздеп осындай қиын жағдайларға тап болуда. Қаншама ата-ана бала-шағасы үшін зар жылап отыр?

Арман Қуанышбаев 18000 әлемнің дүниеге келуіне себепкер болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа Салаллаһу алейһи уә сәлләмның Нұрының Әуел бастан жаралғаны туралы Сахих хадисті өтірік деп, жоққа шығарды.

Сөйтіп Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа Салаллаһу алейһи уә сәлләмнан бастап, бүкіл Әһли сүннет уал жамағат Ғұламаларының еңбектерін, соның ішінде Қазақ жерінде жатқан әулие, ғұлама ата-бабаларымыздың еңбектерін күмәнді қылды. Осы мәселе төңірегінде Дәстүрлі дінімізге үлкен зиян келтірілді. Бұл хадисті жоққа шығарумен бүкіл ата-бабаларымыздың ақида, көзқарасы іңкәр қылынды. Ата бабаларымыздың Жалған дүние, Әруақтан жаралған дүние деген сөзі Құранның аяттары мен Пайғамбарымыз с.ғ.с мүбәрәк хадистерінен бастау алынған. Бұның барлығын жоққа шығарумен Еліміздің ауызбіршілігіне тосқауыл болып, Зиялы қауымның наразылығын туғызды. Егер бұл адамдар бүкіл Қазақ елінің алдында кешірім сұрап, айыптарын мойындамаса Қазақ елінің болашағы мен Рухани жаңғыруының жәйі белгілі болып тұр„ деп жазды діндар өзінің Ашық хатында.

Оған қоса Дидар Аяпов бұл наразылыққа себепкер болған имамдардың сұхбаттары турасында аудио, видео дәлелдерінің сілтемесін беруді де ұмытпапты.

„Әуелі Алланың мейіріміне, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа Салаллаһу алейһи уә сәлләмның шапағатына, Әулиелеріміздің медетіне және сіздердің Әділдіктеріңізге үміт, сенім білдіреміз.

Зиялы қауымның және әлеуметтік желідегі қауымның өтінішімен осы маңызы өте зор мәселені шешетіңізге күмән келтірмейміз, алдын ала рахмет айтамыз„ делінеді НұрОтан партиясының мүшесі, шаруа қожалық басшысы, „Дәстүрлі дін. Ислам„ тобының әкімшісі Дидар Аяповтың жазбасында.

3 Comments

Пікірлер

1 + 3 =