Қырғызстанның алғашқы президенті Асқар Ақаевты Мәскеу метросында суретке түсіріп алған деп хабарлайды NUR.KZ. 

Метромен жүрген Қырғызстанның алғашқы президенті көпшілікті таңғалдырды (фото)

Аталған фотоны Instagram желісінде журналист Мәдина Балғабаева бөлісті. Сурет жуырда ғана түсірілген екен.

«Қырғызстан Республикасының бұрынғы президентi Асқар Ақаев. Бүгiнгi күнi. Өз басым осы кiсiнi құрметтеймiн! Ұлық болсаң-кiшiк бол», – деп жазған ол парақшасында.

Экс-президенттің суретін көрген желі қолданушылары да оның қарапайымдылыған тәнті болып, түрлі пікірлер жазып жатты.

«Қарапайым адам екен», «Қандай жағдай болса да, адам болып қалған кісі», «Құрметке лайық жан»,- деді оқырмандар.

Еске салсақ, Асқар Ақаев қырғыз елін 1990 жылдан бері басқарған болатын. 2005 жылдың 24-ші наурызында болған «Қызғалдақ төңкерісінен» кейін ол отбасымен бірге Қырғызстаннан көшіп кетті. Содан бері Ақаев Мәскеу оқу орындарының бірінде физика мамандығы бойына ұстаздық етеді.

Пікірлер

2 + 6 =