Жаңалықтар

Шетелде демалған қазақ қызын жабайы маймыл тістеп алды (фото)

Желіде 400 мыңнан астам адамды өз парақшасына үйіріп отырған «super.mamasita» есімімен танымал үш баланың анасы Әлия Байтуғаева Таиландта ауыр жағдайға тап болғанын жазды деп хабарлайдыNUR.KZ порталы.

Танымал отандық блогерді шетелде маймыл тістеп алды (фото)

Блогерді шетелде жабайы маймыл тістеп алып, Әлия өлім аузынан қалған.

«Бұл түн мен үшін тозақ болды. Ыстығым 40 градусқа көтеріліп, жылай бердім. Есім кіресілі-шығасылы болғаны соншалық, күйеуіме не айтқаным да есімде жоқ. Тек өлімнен қорқып, жылай бердім. Төрт күн бұрын мені аралдағы жабайы маймыл тістеп алды. Қатты тістемесе де, келесі күні менің ыстығым көтеріліп кетті. Үш күн бойы ыстығым түспей, емханаға барғанымда, дәрігер құтыруға қарсы екпе салдыру тым кеш екенін айтты.

«Сіз бәрібір үш-төрт айдан кейін өлесіз» деді де қанымды сараптамаға жіберді. Нәтижесін бір сағат бойы күттім. Сол арада бүкіл өмірім көз алдымнан өткендей болды… Алладан кешірім сұрап, ойша өзімді жерлей бастадым. Неге екенін, Жанна Фриске ойыма түсті. Жақында өлетінін біле тұра қалай өмір сүре алды екен? Неге өлім айттырмай келеді?

Неге Батырхан Шүкенов бұл өмірмен қош айтысты? Мен өлімнен қатты қорқамын. Өлімнен емес, балаларымның анасыз қалуынан қорқамын. Емханада жылағанда мені ешкім тоқтата алмады… Отбасыдан, махаббаттан артық ештеңе жоқ екен. Ақша, материалдық құндылықтар, табыс та түк емес. Қанша ақша тапсаң да, оларды өзіңмен бірге көрге алып кетпейсің», – деп ағынан жарылды блогер өз парақшасында.

Пікірлер

9 + 7 =