Жаңалықтар

Алматы маңында ұшақ құлап, бортта болғандардың барлығы қаза тапты

Алматы облысында санитарлық авиация басқармасы ұшағаның құлағаны туралы бұрын хабарлаған танымал блогер мен экономикалық шолушы Денис Кривошеев бортта отырғандардың қайтыс болғаны туралы мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматы маңында ұшақ құлап, бортта болғандардың барлығы қаза тапты

«Бортта болған екі экипаж мүшесі мен екі дәрігер науқас адамды тасымалдамақ болыпты. Барлық бесеуі де қаза тапты», – деді Кривошеев.

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«2017 жылдың 3 қазанында 19 сағат 15 минутта Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында санитарлық авиация рейсін орындаған Ан-28 ұшағы құлап, өртенген. Алдын ала жасалған болжам бойынша, бортта болған 5 адам қаза тапты«, – деп мәлімдеді ол.

Пікірлер

7 + 7 =