Жаңалықтар

Астана тұрғыны қыздың есебінен күн көретін альфонс жігіттер қаптап кеткенін айтып, дабыл қақты

Астана мейрамханаларының бірінде жұмыс істейтін даяшы қалада әйелдердің есебінен күн көретін жігіттер қаптап кеткенін айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Астана тұрғыны қыздың есебінен күн көретін альфонс жігіттер қаптап кеткенін айтып, дабыл қақты

Қыздың әмиянынан қысылмайды

Мейрамханада істеп жатқаныма жеті жылдың жүзі болды. Соңғы кезде ер адамдар әйелдердің есебінен тамақтанатынын жиі байқап жүрмін. Олар бұған мүлде ұялмайды.

Кезінде бармен болғанымда, керісінше ер азаматтар әйелдерге коктейль алып, ақша төлеп отыратынын көруші едім. Бүкіл әлемде негізінен әйел заты ер адамның есебінен тегін тамақ ішеді. Қазір керісінше қыздар жігіттеріне мейрамханада төлеп тұрғанын көріп, күлкім келеді.

Мен ондай еркектерді ұялтқанды ұнатамын

Жұмыста жігіттерге «бауырым, әйеліңе төлеткенің ұят емес пе?» деп айта алмайтыным айдан анық. Алайда айтқым-ақ келіп тұрады.

Мен қулыққа көштім. Астанада барлығы дерлік карточкамен төлейді. Егер карточкада әйелдің есімі болса, мен касса аппаратымен ер адамның қасына барып, пин-код енгізуін сұраймын.

Олардың қызарған жүзін көрсеңіздер ғой. Қатты ұялып кетеді. Әрине, олар әйелдің пин-кодын қайдан білсін? Басын салбыратып, аппаратты әйелге беруін сұрайды.

Мен таңданған кейіп танытып, біраз кідіріп, кейде қайтадан сұраймын: «Қалай дейсіз? Бойжеткенге бер дейсіз бе?». Бұл масқара болу сәтіне не жетсін?

Кей еркек сымақтар, тіпті әйелінің карточкасын иемденіп алған

Бірнеше рет мен ер азаматтардың әйелге тиесілі карточкада пин-кодты жаттап алғанын байқадым. Олар, тіпті әйелдің орнына қол қояды.

Сол сәтте мен «кешіріңіз, карточка иесінің өзі қол қойғаны дұрыс болар? Бізде сондай ереже» деп қаламын. Өзінше болып отырған ер адамның сол сәтте жүзіндегі күлкісі жоқ болады. Мен чекті қуанышты жүзбен бойжеткенге беремін.

Қыздар, ойланыңдар, бұл нағыз масқара!

Барлық қазақстандық және астаналық аруларға айтарым – ойланыңдар. Аналарың сендерді мұндай еркектер үшін өсірген жоқ. Егер ол сізге мейрамханада төлей алмаса, әрі қарай не болмақ? Олар сендердің мойындарыңа отырып алған.

Ең сорақысы, өз карточкаңызды еріңізге беріп қойып, оны алтын жігіт ретінде көрсетуге тырысқаныңыз. Ондай жігіттен аулақ болу керек.

1 Comment

  • Автор!
    Телефон нөміріңді берші.
    Немесе маған хабарласшы.
    Ұнаған мейрамханаңа отырғызып жіберейін.
    Бірақ бір шартым бар!
    1 түніңді маған сыйлайсың қарындас.
    Келістік?

Пікірлер

7 + 7 =