Белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы өз ана тілін менсінбейтін шенділерге ескерту жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған.

Расул Жұмалының пікірінше, елдегі кейбір шенеуніктер мен ықпалды азаматтар бөгде тілде сөйлегендіктен қазақ тілі қудаланып жатыр.

«Биыл Қазақстанның мемлекеттік тілі Қазақ тілі деп жарияланғанына 28(!) жыл толды. Алайда көргеніміз – баяғы жартас: Бөгде тілдегі министр, әкім, депутат, қоғамға қызмет, ақпарат, теледидар, мәдениет, т.б.

Бұл аралықта совет шекпенінен шыққан бар республикада мемлекеттік тіл жаңғырды, құтты орнына жайғасты, жалғыз бізде Қазақ тілі қудалануда.

Әйтпесе Қазақша қызмет сұраған азамат неге сотталады, енді бірі ондай талабы орындалмағанда неліктен аштық жариялауға бекінеді? Қазақстандай өз тілінің жанашырын қорлаған ел бар ма әлемде? Расы сол, билік үндемесе де, заман өзгерді, халықтың санасы мен намысы оянды.

Шыдамның да шегі бар. Айтпағым бір: шенділер осылайша Ата заң мен Қазақ тілін менсінбеуін доғармаса, түбі жамандық болады», – дейді саясаттанушы өз жазбасында.

2 Comments

  • Дәл солай. Керекудегі әкімшілікке (облыс, қала) берген талаптарымда, 10 астам жыл бойы тапталып келе жатқан тілдік құқыларым өрескел бұзылып, әр жерден қуылып (ар-намысыма, жалпы қазақ ұлтының намысына – «вы видите, что я славянской национальности, говорите со мной по-рюзки» қатты тиіп) , уақыт өткен сайын, мемтілде, өмір сүру ортам тарылып келе жатқандықтан, 2017ж. соңына дейін жағдай түзелмесе, жақсылықпен бітпейтінін мен де айттым…

Пікірлер

5 + 8 =