Алматы полициясы 18 жастағы Назерке Әріптің өліміне қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол 33 жастағы такси жүргізушісі болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен алматылық такси жүргізушісі ұсталды

Ер адам 8 қазанда ұсталды. Күдікті – Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны. Ол уақытша қамау изоляторына қамалған.

Айыпталушы азамат өз кінәсін мойындап отыр.

«Оның жеке такси жүргізушісі екені анықталды. Қылмыс күні ол зардап шегушіні үйіне апара жатқанда зорлап, кейіннен буындырып өлтірген. 

Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті қыздың денесін зираттың шетіне апарып лақтырып тастапты», – дейді қалалық қылмыстық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Күдіктінің кім екені дереу анықталғанымен, ол жасырынып үлгергені белгілі болды. 

Тергеу кісі өлтіру фактісі бойынша жүріп жатыр.

Пікірлер

5 + 5 =