Қоғам

«Қалдық тамақ жеймін» деп хабарландыру таратқан ашқарақ жігіттің кім екені белгілі болды

Кешелі бері әлеуметтік желіде „Қалдық тамақты тастамай, маған беріңіздер, мен жеп қоямын„ деген ашқарақ жігіттің хабарландыруы көптеп тарап жатыр.

Иә, тура осылай OLX порталында ерекше хабарландыру тастаған Дәулет алматылық студент болып шықты.

«Көп тапсырыс бердіңіз бе, тамақ дәмді және оның бәрін жеп тауыса алмайсыз ба? Қалдық қалдырсаңыз — обал бола ма? Көңіліңізді түсірмеңіз, кез келген тамақты жеп тауысамын», — делінген мәтінде.

Әлеуметтік желілерде «кедей студентке» бірден назар ауды. Хабарландыру WhatsApp арқылы тарай бастады. Қолданушылар бұл хабарлама жайлы оң да, теріс те пікір жазып жатыр. Көпшілігі мұны шын екен деп ойлап қалған.

Хабарландыру авторы Tengrinews.kz тілшісіне оның досы әзілдегенін және мұның шындық емес екенін айтты.

Алматылықтың айтуынша, оған бірнеше рет қоңырау соққандар болыпты. «Көпшілігі көңіл-күйімізді көтердің деп жатыр», — дейді жігіт.

Пікірлер

2 + 4 =