Маңғыстау облысында даяшының бетіне қайнаған май шашып жіберген күдікті қамауға алынды. 31 жастағы тұрғын енді сот басталғанша Ақтаудағы абақтыда отыратын болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Еске сала кетейік, 20 жастағы Сымбат Қозыбай күдіктіге беймезгіл уақытта дәмханаларында сыра сатылмайтынын айтқан. Бұған ашуланған жігіт қазанда қайнап тұрған майды теуіп жібереді. Шашыраған майдан Сымбаттың денесінің отыз пайызы күйіп қалған.

Қазір облыстық ауруханада ем алып жатыр. Ал қызуқанды азаматқа қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдағы күндері бұл айыпты денсаулыққа қасақана зақым келтіру деп өзгертуі мүмкін. Осыған байланысты жаза да ауырлайды.

Пікірлер

7 + 7 =