Алтынай Жорабаеваға «ТМД-ға еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: Әншінің Іnstagram желісіндегі жеке парақшасынан

«Былтыр Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына «Құрмет» Орденімен қатар, Санкт-Петербургта ТМД парламенттік ассамблеясында осындай марапатқа ие болған екенмін. «ТМД- ға еңбегі сіңген қайраткер» төсбелгісі. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның ұсынысымен осындай марапатқа ие болдым. Алла қаласа, сенімдеріңізді ақтаймын», – деп жазды әнші.

Алтынай Жорабаеваға аталған марапатты Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов табыстады.

Пікірлер

3 + 6 =